Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
25
январь
2024

25.01.2024

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың « Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру және Абайдың «Толық адам» концепциясын жүзеге асыру, оқушылардың әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында және басқарма басшысы Н.Шамшиеваның 25.01.2024ж. №35 бұйрығы негізінде «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңі А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында болып өтті.Байқаудың мақсаты: Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың классикалық әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақынның поэзиясына, рухани мұрасына құрметі пен сүйіспеншілігін қалыптастыру. Осы байқауда Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының 9«Д» сынып оқушысы Хасен Жұлдыз I орынды иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбосын Фарида Еркебайқызы және 1«Ғ» сынып оқушысы Жұман Жанерке III орынмен марапатталды, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ұлжалғас Ермаханқызы.Мектебіміздің абыройын асқақтатқан жүлдегер оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтап, алдағы болатын «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңінде де додадан оза шауып, жүлдемен оралуына тілектестік білдіреміз.Ұлы ақынның шығармашылығын жете танып,балаларды әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған осынау ерен еңбектің ұйытқысы бола білген Шымкент қаласы Білім бамқармасының Әдістемелік орталығына алғыс білдіре отырып,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив