Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
27
январь
2022

«Әлем таныған Әуезов»

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен 6-8-сыныптар арасында қалалық М.Әуезовтің 125жылдық мерейтой аясында «Әлем таныған Әуезов» байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты - қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетте танытуға өз шығармалары арқылы үлес қосқан академик,заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің мол әдеби мұрасын насихаттау, жас буын оқырмандарын жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, оқырмандар қызығушылығын арттыру. 1-бағыт: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тест тапсыру бойынша 7 «В» сынып оқушысы Ділләхан Аяулым қатысып, жүлделі 2-орынмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.С.Султанова, 3-бағыт: М.Әуезовтің  өмірі мен шығармашылығынан кроссворд, сканворд құрастыру бойынша 6 «Ә» сынып оқушысы Алмасқызы Айзере қатысып, жүлделі 2-орынмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Р.Жумагулова 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив