24
февраль
2022
« Жанұя - бақытты планета " атты шығармашылық шеберхана сағаты
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні 6"В "сынып оқушыларымен Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша « Жанұя - бақытты планета " атты шығармашылық шеберхана сағаты өтілді. Мақсаты- жас ұрпақ бойына ұлттық отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ұйымшылдыққа, ептілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.. Оқушылар топтық жұмыс орындап, түрлі жағдаяттарды талқылап, өздерінің қиялынан туған көркем суреттер, қолынан жасаған бұйымдарымен таныстырды. Қоржыннан мақал - мәтел жалғасын тауып, бақытты шаңырақ (планета) кірпіштерін қалап шықты,құндылықтар құнын ұғынды. Сынып жетекшісі Ж.Р.Жумагулова 

