Республикалық 2-7 сыныптар арасында «Зерде» ғылыми жобалар конкрусының байқауы
Ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Дарын орталығының ұйымдастыруымен Республикалық 2-7 сыныптар арасында «Зерде» ғылыми жобалар конкрусының байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша іріктеуден 51 оқушы өтіп, зерттеген тақырыптарын қорғап шықты. Жетекшісінен бағыт алып, сол бағытпен жұмыс жасай алуы және оған төселуі ғылыми жобаның басты мақсаты. №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Қасымхан Шынар жетекшісі Атабаева Шолпан Шенгелбайқызы «Шәкәрім мұраларының ерекшеліктері» тақырыбы мен 7 «Б» сынып оқушысы Сапарғали Әділет жетекшісі Байбосын Фарида Еркебайқызы «М.Әуезов «Көксерек» әңгімесінің Джек Лондонның «Ақ азу» әңгімесімен үндестігі» тақырыбымен қатысып, Мақтау қағазымен марапатталды.