05
февраль
2022
«М.Мақатаев – поэзия тұлпары»
Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні 7 «Б» сынып оқушыларымен қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «М.Мақатаев – поэзия тұлпары» атты сыныптан тыс сабақ өтілді. Мақсаты Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау. Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу болатын. Сынып жетекшісі Ф.Е.Байбосын