Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
26
январь
2024

26.01.2024

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Т.Рысқұлов атындағы №25  мектеп-гимназиясында 2024 жылғы 26 қаңтарда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бағдарламасы аясында  Ш.Атабаева мен Г.Айтинбетова жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «ҚҰМАРЛЫҚҚА БОЙ АЛДЫРУ-ТӘУЕЛДІЛІК ҚҰРДЫМЫ"  тақырыбында тренинг өткізді. 
 Мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту.
Тренинг жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеуге көмектесетін отбасы ресурстарын қалыптастыру, ата-аналардың тәуелділіктің алдын алу және оған қарсы тұру шараларын әзірлеу, психобелсенді заттарды қолданудың, құқық бұзушылықтың профилактикасын жақсарту үшін жағдай жасауға негізделді. Бір сағатқа созылған тренинг барысында ата-аналар  ойнады, сырласты, сурет салды, кеңесті. Тіпті нәтижесінде көзіндегі  жасын ірке алмаған  ана бүгінгі күн бала тәрбиесіне көзқарасының өзгеріс әкелгенін айтты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив