Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(87252) 20-08-91
(87252) 46-90-21
Версия для
слабовидящих
» » Қонысбай Ерлан Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияның 9 «Г» сынып оқушысы 19.11.2005 Шымкент қаласы
12
декабрь
2020

Қонысбай Ерлан Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназияның 9 «Г» сынып оқушысы 19.11.2005 Шымкент қаласы

                                                            Түркі әлемінің бесігі
Қазақ елі – ертеден келе жатқан өнерлі, рухани бай, көрегенді, жасампаз халық. Қазақтар - уақыт ағымына қарамастан өз мәдениетін сақтап қала алған, ғасырлар бойы қалыптасқан қайталанбас ұлттылығымен мақтана алатын біртума ел. 
Ата-бабаларымыз өз жандарын құрбан етіп, қасық қаны қалғанша шайқасып,  осынау кең даланы сақтап қалды. Осы байтақ дала ұлы тарихтың, бейбіт өмірдің бастамасы болды. Уақыт өте келе Ұлы дала Түркі мемлекеттерінің ошағына айналды, осылайша жаңа кезең басталды. 
Дәл осы  далада Түркі елдері, жалпы Түркі ұғымы пайда болды. Осы жерде пайда болған немесе өмір сүрген әрбір халық қазіргі бәріміз де білетін Қазақстанның тарихы мен мәдениетінде, экономикасында өшпестей із қалдырғаны анық. Осындай кең далада ертеде өмір сүрген түркілердің қалыптастырған мәдениеті, ой-санасы қазіргі түркі тілдес мемлекеттердің іргетасы десем де болады. Әр мемлекет осы құндылықтарды негізге ала отырып қазірде тәуелсіз, дара, қайталанбас ел құра алды.
Ұлан-ғайыр даланы орынды қолдана білген, билік жүргізе алған түркілер жан-жақты дами алды. Өнерді, сауданы, ғылымды, мәдениетті бірге  алып-жүре білген ата-бабаларымыздың көреген болғандығына дау жоқ. Бәрімізге де белгілі гүлденген қалалар мен мемлекеттер аз болмаған. Білім мен ілімді өзгелерге үйреткен ғұлама жандар да кем емес. Мысалы, Отырар қаласы сол кезде гүлдену шегіне жеткен. Оның осындай қарқынмен дамуына себеп болған Ұлы Жібек жолы екендігі бәрімізге де белгілі деп ойлаймын. Сауданың қайнар көзі болған Отырардың, экономикасының да жақсы болғандығы анық. Егер де тарихта аты қалған, атақты тұлға Шыңғысханның қалың қолы Отырардың күлін көкке ұшырмағанда қазір дамыған, алдыңғы шептегі қалалардың бірі болар еді. Түркі халықтарының атақты, тарихта аты қалған ойшылдары, ғұламалары: Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Әбу Райхан әл-Бируин, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Мұхаммед Хайдар Дулати. Осы адамдардың арқасында Ұлы дала тұрғындарының көзі ашыла бастады. Оларды білімге шақырған, ілім мен ғылымның бастамасы тап осы дара тұлғалар болған.
Қазіргі кезде Қазақстанның басты идеяларының бірі - " Мәңгілік ел " идеясы. Менің ойымша, осы тың идеяның мағынасы тереңде жатыр. " Мәңгілік ел " атты ұғым қазір пайда болды деу өрескел қате. Мәңгілік ел құру – ата-бабамыздың  сан мың жылдан келе жатқан арманы. Осыған дәлел келтіретін болсам, ерте заманда Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік Ел » деген өсиет қалдырып кеткен. Тағы да бәрімізге белгілі Асан Қайғы мен Қорқыт бабаның шығармаларында «Мәңгілік ел» деген сөз тіркесін кездестіре аламыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы идеяны жүзеге асыруды жаңғыртты. Ата-бабаларымыздың асыл арманын орындауда тағы бір үлкен қадам жасады деп ойлаймын.
Қорытындылай келсек, Қазақстанның байтақ даласы барша Түркі дүниесінің алтын бесігі, өшпес ыстық ошағы екендігін түсінеміз. Біз сонау ертеден келе жатқан ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен барлық мұраларын сақтап қалып, оларды келесі ұрпаққа беруді парызымыз деп қабылдауымыз керек. Ұлы далада өмір сүретін  әрбір жан Түркі әлемінің қалыптасқан жерінде туып-өскені үшін мақтануы қажет және де оны құрметтей алуы керек. Қазіргі жаһандану белесінде Түркі әлемінің өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу, оны кеңінен насихаттау  дөңгеленген дүниені жаңа баспалдақтарға бастары сөзсіз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив