25
ноябрь
2019
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін және Жоғарғы оқу орнының жетістіктерін насихаттау мақсатында , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында 2019 жылғы 22 қарашада өткізілген іс-шара
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2019 жыл елімізде « Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, олардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, ақпараттық-имидждік жұмыстың негізгі күш-жігерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін және Жоғарғы оқу орнының жетістіктерін насихаттау мақсатында , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында 2019 жылғы 22 қарашада іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясынан 10-11 сынып оқушылары қатысты.





